Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ер адамның үйінен жабайы жануардың еті табылды

Ақтөбе облысында ер адамның үйінен жабайы жануардың еті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 ақпанда Мәртөк ауданы ПБ кезекші бөліміне Мәртөк ауданының Байтурасай ауылында 49 жастағы жергілікті тұрғын заңсыз аң аулаумен айналысып, елікті атқаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері үйдің ауласынан жабайы жануардың бөлшектелген ұшасының 9 бөлігін, шаруашылық құрылыстың жылыту пешінен жабайы жануардың терісін тауып, тәркіледі.

Бұдан басқа, ер адам тіркелген МР-153 маркалы аңшылық мылтық пен пышақты ерікті түрде тапсырды.

Аталған факті негізінде Мәртөк ауданы полиция бөлімі ҚР ҚК 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның санкциясы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру