Ақтөбе облысында еріктілер мен Полиция департаментінің басшылығы екіжақты меморандумға қол қойды
Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшылығы және @zello.poisk командасы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов пен еріктілер командасының жетекшісі Екатерина Голотина ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жыл басынан бері еріктілердің қатысуымен 300-ден астам бірлескен іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылған. @zello.poisk еріктілер тобы қатысқан іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 50-ге жуық адамды іздеп тапты.
Полицейлер ынтамақтастық оң нәтиже беретініне сенімді.