Ақтөбе облысында есептегі сотталғандар мекенжайы бойынша тексерілді
Ақтөбе облысының пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарды мекенжайы бойынша тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, алдын алу, оның ішінде тұрмыстық зорлық- зомбылықты болдырмау, сонымен қатар пробация қызметкерлері және полиция бөліністерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты аудандық пробация қызметтерінің жеке құрамы 28 қараша мен 4 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып пробация есебінде тұрған сотталған азаматтардың сот жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындауын, отбасылық, тұрмыстық қарым-қатынасына бақылауды жүзеге асыру мақсатында олардың тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орындары бойынша тексеру жүргізіп, профилактикалық жұмыстарды атқарып жатыр.
Қазіргі таңда аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметіне ескертпестен және рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен басқа елді мекенге шыққан Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған екі сотталғанға қатысты жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру жөніндегі ұсыныс пен құжаттар сотқа әзірленуде.