Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес күшейтілді

Ақтөбе облысында есірткі қылмыстарына қарсы күрес күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидасы аясында полицейлер есірткінің заңсыз айналымына қарсы кешенді шараларды жалғастырып келеді.

Осы жылдың 9 айында облыста 300-ге жуық есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 478 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 470 келісі – марихуана, 8 келісі – синтетикалық есірткілер.

Интернет кеңістігінде есірткі жарнамасын таратқан 1120 сайт анықталып, олардың сілтемелері "Кибербақылау" жүйесіне енгізілді.

"Антифрод" жүйесі арқылы 2441 банк картасы бұғатталды.

- Есірткі қылмысы – қоғам қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер. Біз тек заңсыз айналыммен күресіп қана қоймай, жастар арасында алдын алу және түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргіземіз6 — деді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Сейталин.

Жыл басынан бері мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар — акциялар, дәрістер, кездесулер және спорттық жарыстар өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру