Ақтөбе облысында есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі анықталды
Ақтөбе облысында есірткіге мас күйдегі көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілдеде басталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарғалы ауданында полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлік құралын басқарған ПАЗ автобус жүргізушісін анықтады. Жүргізуші ЖШС жұмысшыларын тасымалдауды жүзеге асырған. Сот жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Сонымен қатар «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл негізінен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзу, техникалық байқаудың болмауы.
Естеріңізге сала кетейік, облыста «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2024 жылдың 28 шілдесіне дейін жалғасады.