Ақтөбе облысында кезекті алаяқтық фактісі ашылды
Ақтөбе облысында кезекті алаяқтық фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамыр күні Алға ауданының 26 жастағы тұрғыны сату-сатып алу жарамсыз келісімшартын көрсетіп, алты млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Шарт 25 дана ірі қара малдың аналық басын сатып алуға жасалды. Алайда, агрокредиттік корпорация жүргізген тексеру барысында шарт бойынша мал сатып алушы бұл құжатқа қол қоймағаны және осы мәміле туралы білмейтіні анықталды. Аталған факті негізінде «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.