Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында киік мүйіздерінің кезекті партиясы тәркіленді

Ақтөбеде жергілікті тұрғынның үйінен 167 дана киік мүйізі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазан күні Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғын мен  Қызылорда облысы Арал ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдіктілердің бірінің үйінің ауласында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тұрған “Планета-3” маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі салынған полипропилен қап, бұдан басқа үй қоймасынан 12 калибрлі “ИЖ-18мм” бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 патрон,  ас үй бөлмесіндегі қол жуғыштың астынан салмағы 5 кг киік еті бар полиэтилен пакет табылды.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-тармағымен  (Өсімдіктердің немесе  жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған  түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру