Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік апатынан екі адам көз жұмды

Ақтөбе облысында көлік апатынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz

13 шілде де сағат 14:30 шамасында Жаңажол кенті мен Мұғалжар ауданының Северная труба кен орны арасында жол-көлік оқиғасы орын алды.

25 жастағы УАЗ автокөлігінің жүргізушісі өндірістік аумақта Жаңажол кенті бағытында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Shacman автокөлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Кеңқияқ кентінің  ауруханасына жатқызылды, ал осы көліктің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру