Ақтөбе облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды
Ақтөбе облысында көлік аударылып, бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz
6 тамызда таңғы сағат 06:00 шамасында Lada Largus автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Ақтөбе – Астрахань автожолының 284-шақырымында жол жұмыстары жүргізіліп жатқан автожол учаскесіне шығып кетіп, нәтижесінде жол жиегінің оң жағына қарай аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Өзбекстан Республикасы азаматшасының екі жолаушысы Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Бірақ екеуінің біреуі есін жимастан, көз жұмды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.