Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік тізгіндеген жасөспірімге бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды

Ақтөбе облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған 17 жастағы жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Ақтөбе – Орск автожолында патрульдеу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Nissan-Patrol автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 17 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екендігі, сондай-ақ көлік құралына жарық-дыбыс құрылғысын (ЖДҚ) заңсыз орнатқаны анықталды.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жоқтығы, жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарғаны және ЖДҚ заңсыз орнатқаны үшін полицейлер жас жігітке үш әкімшілік хаттама толтырды.

Айыппұлдардың жалпы сомасы 110 мың теңгеден асты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру