Ақтөбе облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған автоәуесқой мас күйінде ұсталды
Ақтөбе облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған автоәуесқой мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 4 қаңтарында патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде 48 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Hilux» автокөлігін тоқтатты.
Көлікті мас күйінде басқарып, көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді.
Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуін сұрайды және ескертеді.