Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлікті мас күйде тізгіндеген екі жүргізуші жауапқа тартылды

Ақтөбе облысында көлікті мас күйде тізгіндеген екі жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері Ақтөбе облысында полицейлер масаң күйде көлік құралын басқарған екі жүргізушіні анықтады. 

3 тамызда Алға қаласында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, масаң күйде көлік құралын басқарған 40 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Opel Astra автокөлігі тоқтатылды. 

Сол күні Хромтау ауданының Дон ауылында полицейлер 45 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-2112 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші 2023 жылдың соңында жеті жыл бойы көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды, бірақ ол бұдан нәтиже шығармай, алгогольдік масаң күйде қайтадан рульге отырған. 

Екі жүргізуші де қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Жүргізушілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру