Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мал ұрлығына күдікті ауыл тұрғыны ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрлығына күдікті ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері өз ауылдасының сиырларын ұрлады деген күдікпен Мәртөк ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеп-тексеру барысында 26 жастағы ер адам ауыл кәсіпкерінің сирек тұқымды ірі қарасын ауылға жақын жерде жайылып жүрген жерінен жасырын айдап кеткені анықталды.

Ұсталған жігіт өз кінәсін мойындады. Күдікті жігіттің айтуынша, ол ұрлаған жануарларды үйіне әкеліп сойып, етін қалаға өткізген. Мал иесі өзіне келтірілген шығынды бір миллион теңгеге бағалады.

Күдіктіден ұрланған жануарлардың терісі тәркіленді. Мал ұрлығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ауыл тұрғыны мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын айырылуға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.

Полиция мал иелерін қырағы болу, ұрлықтан сақтану шараларын қабылдау және осындай дерек болған жағдайда дереу полицияға хабарлау туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру