Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мал ұрлығының бес фактісі ашылды

16-21 қараша аралығында облыс аумағында өткізіліп жатқан "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында мал ұрлығының 5 фактісі ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Бекқұл баба кентінде белгісіз біреулер жергілікті тұрғынның үйінің ауласында орналасқан сарайдан мал ұрлаған.

Аталған факт негізінде ҚР ҚК 188-1-бабының  3-бөлігінің 2-тармағы (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында мал мен ет өнімдерін тасымалдау, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сату бойынша 27 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жеке ауласы мен малы бар азаматтарды мал ұрлығының алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

- Ақтөбеліктерді мал ұрлығы фактілерінің алдын алу мақсатында барлық сақтық шараларын қабылдауға шақырамыз. Қараусыз жүрген малды ұрлау оңай, бірақ оны табу әлдеқайда қиын. Малды бақташыларға тапсыру керек, оларды ұстауға арналған үй - жайларды бейнекамералармен, сондай-ақ жануарларды  бақылау құралдарымен жабдықтауға болады" - деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру