Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас жүргізушілер саны азаймай тұр

Ақтөбе облысында полицейлер жыл басынан бері есірткілік масаң күйдегі 85 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың бес айында Ақтөбе облысының аумағында 143 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 43 қылмыс, есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу саласында 100 қылмыстық теріс қылық.

Тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткінің салмағы 235 келіден асты, оның ішінде 219 келіден астам «марихуана», 15 келіден астам «гашиш» және 533 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік құралын есірткіден мас күйінде басқарған 85 жүргізушіні ұстады.

Облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткі және психотроптық заттарды теріс пайдаланатын «нашақор» диагнозымен, сондай-ақ профилактикалық есепте 1 717 адам тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру