Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 11 ЖКО тіркелді

Ақтөбе облысында жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың 9 айында 145 мыңнан астам жүргізуші жол ережесін бұзған. 93 жүргізуші мас күйінде көлікті қайта басқарғаны үшін колонияларда жазасын өтеудің әртүрлі мерзімдеріне сотталды.

3735 жүргізуші көлікті тиісті жүргізу құқығынсыз басқарған, оның ішінде 257 адам бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандар. Мас жүргізушілердің кінәсінен 11 апат тіркелді, онда екі адам қаза тауып, 16 адам түрлі жарақат алды.

Апаттылық деңгейін төмендету және жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, балалар», «Жаяу жүргінші» және басқа да профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру