Ақтөбе облысында мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге тексеру жүргізілді
Ақтөбе облысында мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қызметі саласындағы уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге тексеру жүргізіп жатыр.
Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге барлығы 200-ден астам тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша бағдаршам, жол белгілерін орнату, қалпына келтіру, ауыстыру және жол таңбаларын салу бойынша 150-ден астам нұсқама берілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 1500-ден астам 1.21 «Балалар», 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» (40км/сағ), 5.16.1-2 «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгілері ауыстырылды.15 жерге 1.16.1 «Жасанды жол кедергілері» орнатылды және барлық жаяу жүргіншілер өтпелеріндегі жол таңбалары жаңартылды.
Сонымен қатар мектептерге тікелей жақын жерлерге шақыру батырмасы бар бағдаршам объектілері орнатылды және Гастелло – Жиенбаев көшелері қиылысындағы көлік бағдаршамы іске қосылды.