Ақтөбе облысында Nissan жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында Nissan жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаяу жүргіншіні қағып кету – кез-келген жүргізушінің ең қатты қорқыныштарының бірі. Жаяу жүргіншімен болған ЖКО-дан ең мұқият көлік жүргізушісі де, былай айтқанда ешкім де сақтана алмайды.
Мысалы, 7 қазан сағат 16.10-да Хромтау қаласында Есет батыр көшесі бойымен Шиловский көшесі жағынан Жеңіс даңғылы бағытында «Nissan Terano» автокөлігінің 75 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, 23 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
ЖКО салдарынан жаяу жүргінші Хромтау аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 120 ЖКО тіркелді, оның ішінде 12-сі қаза тапты, 110-ы зардап шекті.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден сақ, қырағы болуды, жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауды, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде қозғалыс жылдамдығын төмендетуді және барынша мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге жолда абай болуға кеңес береміз, көлбеу беті бар жерлерді айналып өтуге тырысыңыз, қауіпті жолда өте мұқият болыңыз, асықпаңыз.