Ақтөбе облысында өзгенің велосипедін қолды қылған күдікті ұсталды
Ақтөбе облысында өзгенің велосипедін қолды қылған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері велосипед ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінен велосипедтерді еркін пайдаланып ұрлағаны анықталды. Атап айтқанда, осы жылдың сәуір айында ол Ш.Қалдаяқов көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінің алдында тұрған жасөспірімдер велосипедін ұрлап кеткен.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, ұрланған велосипедтерді бейтаныс адамдарға сатып жібергенін хабарлады. Қазіргі уақытта ол бес ұрлық фактісін жасағанын мойындап отыр.
Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар ұрланған мүлікті сатып алушылар мен өткізу арналары анықталуда.
Полиция департаменті азаматтарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді: велосипедтерді қараусыз қалдырмаңыздар, арнайы бекіткіш құрылғыларды қолданыңыздар және мүмкіндігінше мүлікті жабық немесе бейнебақылау жүргізілетін орындарда сақтаңыздар.