Ақтөбе облысында «Пәтер» жедел алдын алу профилактикалық шарасы өткізілуде
Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың 27-29 шілде аралығында кең ауқымды «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері пәтер ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту.
Жедел алдын алу іс-шараның алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 10 пәтерлік ұрлықты ашты, кезекші тәулікте «ізін суытпай» алты қылмыс және төрт ұрлық ашылды. Бұрын жасалған екі ұрлық фактісі анықталды.
Пәтер ұрлығын жасағаны үшін «негізді-күдікті» есебінде тұрған екі адам ұсталды.
Қазіргі уақытта ұсталған күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексерілуде.