Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың 9 фактісі анықталды

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасы сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді анықтауға бағытталған, Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сату орындары бойынша рейдтер жүргізеді. Бұл алдағы жаңа жылдық мерекелер мен демалыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Жаңа жылдық мерекелер-азаматтардың пиротехникалық бұйымдарды жаппай пайдалануының дәстүрлі уақыты.

«Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану мен сатудың тоғыз фактісі анықталып, сәйкестік сертификаты жоқ 174 пиротехникалық зат тәркіленді.

Кез-келген пиротехниканы дұрыс ұстау және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін есте ұстаған жөн. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаулық болуы тиіс екенін атап өткіміз келеді. Танысу кезінде сақтау мерзіміне назар аудару керек. Егер өнім мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру