Ақтөбе облысында полицейлер артиллериялық снарядты жойды
Ақтөбе облысында полицейлер артиллериялық снарядты жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамызда Хромтау ауданының ПБ-на Тассай ауылының тұрғыны хабарласып, Тассай ауылының маңында артиллериялық снарядқа ұқсас тат басқан металл зат табылғанын хабарлады. Әрі қарай, ауыл тұрғыны оны өзінің үйінің ауласына сүйреп апарған.
Полиция қызметкерлері артиллериялық снарядты тәркілеп, жойды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарға мұндай “қызықты“ заттар өте қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді. Көтеру, тасымалдау, оларды бөлшектеуге тырысуға болмайды. Табылған заттар туралы дереу полицияға хабарлауыңыз керек.