Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер ерлікпен қаза болған сақшының отбасына барды

Ақтөбе облысында полицейлер ерлікпен қаза болған сақшының отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында полиция қызметкері Нұрлан Алпысбайдың қайтыс болғанына бірнеше жыл өтсе де, әріптестері оның ерлігін ұмытпай, отбасына құрмет көрсетті. Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Апсеттаров Кеңқияқ кентінде 2011 жылы діни экстремистер қолынан қаза тапқан марқұмның жесіріне арнайы барып, көңіл айтты.

Рустам Апсеттаровтың айтуынша, ішкі істер органдары өз борышын атқару жолында қаза тапқан әріптестерін әрдайым еске алады және олардың отбасыларына қолдау көрсетуді жалғастырады.

Нұрлан Алпысбайдың жұбайы Жансая көрсетілген көңіл мен қамқорлық үшін алғыс білдіріп, бұл қолдаудың отбасына зор моральдық демеу екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру