Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер гастролер-ұрыны қолға түсірді

Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері гастролер-ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы хостелдердің бірінен Toyota Camry автокөлігін ұрлау фактісі бойынша жедел іс-шаралар өткізу кезінде көрші облыстың 33 жастағы тұрғынын ұстады. 

 Анықталғандай, күдікті пәтер ұрлығы кезінде көліктің кілтін тауып, ұрланған заттарды тиеп алып көлік құралын айдап кеткен.

 Автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

 Ұсталған адамның бірнеше облыста автокөлік айдап әкету және пәтер ұрлығын жасағаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру