Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер халықаралық автожолда рейд жүргізіп жатыр

Ақтөбе облысының полицейлері медицина қызметкерлерімен бірге Самара – Шымкент автожолының бойында «Түнгі жол» акциясын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жолда көлік жүргізушілерін, оның ішінде алыс жолға шыққан транзиттік көлік басқарушыларды тоқтатып, олармен жылдамдықты асырмау, арақашықтықты сақтау, шаршаңқы күйде болса тынығу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ көлік басқарушыларға Самара – Шымкент автожолының қай жерінде қандай кемпингтер орналасқаны, жолда болған жол-көлік оқиғалары туралы жадынамалар таратылып, жүргізушілердің медициналық жай-күйі де тексеріліп жатыр.

– Талдауға сәйкес түнгі уақыттарда жүргізушілердің автокөлікті шаршаңқы күйде басқаруы, соның салдарынан ұйықтап кетуі – жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруда. Рейдтік іс-шара жүргізу барысында транзиттік автокөлік жүргізушілерінің көлік құралын шаршаңқы күйде басқаруы және медицина қызметкерлері жүргізген тексеру барында олардың қан қысымының 180-нен 200-ге дейін болу фактілері анықталып отыр. Осыған байланысты жүргізушілерге жақын маңдағы демалыс орындарында таңға дейін демалуды ұсынамыз, – деді Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру