Ақтөбе облысында полицейлер көлік көп жүретін трассада жүргізушілерге жол бастап жүрді
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері ең көп көлік жүретін трассада көлік жүргізушілерімен ілесіп жүреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамызда Қарабұтақ аулының манындағы Самара – Шымкент жолында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Акция өтетін орын кездейсоқ таңдалмады, бұл тасжол – ең көп көлік жүретін жол. Тәулігіне екі жаққа 16 мыңнан астам көлік өтеді.
– Өткізілген талдау бойынша осы жолда таңертең сағат 08:00-ден 11:00-ге дейін және 15:00-ден 18:00-ге дейін көліктер көп жүреді. Сондықтан Қарабұтақ ауылынан Хромтау қаласына дейін және кері қарай қарбалас уақытта, автокөліктерді колонналарын алып жүруді ұйымдастырды, – деді Ақтөбе облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Сондай-ақ полицейлер жол-көлік оқиғасында жарақаттың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша буклеттер таратуды жүзеге асырды.