Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер мас жүргізушіні анықтады

Ақтөбе облысында полицейлер мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында, 10 шілдеде сағат 22:00 шамасында Солтүстік айналма жолында Ақшат ауылына жақын жердепатрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Suzuki мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.

Тәртіп сақшылары ер адамның көлік құралын мемлекеттік нөмірлік белгісіз және қорғаныс шлемінсіз басқарғанын анықтады. Сонымен қатар медициналық куәландыруға сәйкес, ауыл тұрғынының мотоциклді масаң күйде басқарғаны анықталды. Бұл заң бұзушылықтар бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мотокөлік арнайы тұраққа қойылды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру