Ақтөбе облысында полицейлер мотоцикл айдап кеткен күдіктіні ұстады
Ойыл ауданында полицейлер мотоцикл айдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 6 маусымда түнгі уақытта қаскүнем шаруа қожалықтарының бірінің үйінің ауласынан Ақтөбе қаласының тұрғынына тиесілі Сузуки мотоциклін айдап әкеткен.Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталып, мотоцикл иесіне қайтарылып берілді.
Ер адам көлік құралын тұрғылықты жеріне, яғни Батыс Қазақстан облысына жету үшін ұрлап кеткенін түсіндірді.
Заң бұзушыны ұрлау мақсатынсыз көлік құралын заңсыз иемденгені үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.