Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті

Ақтөбе облысында полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қысқы демалыс аяқталып, оқушылары мектепке қайта оралды. Демалыстан кейінгі алғашқы күндерде полиция қызметкерлері мектептер маңында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және балалар жиі болатын қоғамдық орындарда бақылауды күшейтіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол ережелерін сақтауды ескертуге ерекше назар аударды.

3–7 қаңтар аралығында Актөбе облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Демалыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Рейд барысында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Оның ішінде 27 кәмелетке толмаған қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жауапкершілікке ата-аналар және заңды өкілдер, сондай-ақ түнгі уақытта балалардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген бір мекеме иесі тартылды.

Полиция қызметкерлері балалар мен ата-аналарға қауіпсіздік, жол ережелері және заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, алдын алу шараларын тұрақты жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру