Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер жол ережесін бірнеше рет бұзған шетелдік жүргізушіні тоқтатты

Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар барысында Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жеке тасымалмен айналысқан шетелдік жүргізушіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде белгілі болғандай, соңғы 11 ай ішінде бұл жүргізуші жол қозғалысы ережелерін 250-ден астам рет бұзған.  Ең сорақысы — оның бір ғана күнде 12 рет ереже бұзуы. Негізгі құқық бұзушылықтар жылдамдықты шамадан тыс асырумен байланысты болған, бұл жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндірген.

Сондай-ақ шетелдік азаматтың Ақтөбе — Орск (Ресей Федерациясы) бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдап жүргені анықталды. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды. Ол көлігін тек барлық айыппұлдарды толық өтегеннен кейін ғана қайтара алады.

Полиция ескертеді: әрбір құқық бұзушылық дерегі анықталып, заң бұзған азамат міндетті түрде жауапқа тартылады. Негізгі мақсат — жазалау емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру