Ақтөбе облысында полиция ауқымды ақпараттық іс-шара өткізді
Полиция мен еріктілер интернет алаяқтарға қарсы күш біріктірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысында 25 маусым – Қаржылық қауіпсіздік күніне орай "Заң мен Тәртіп" акциясы аясында киберқылмыстың алдын алу мақсатында кең ауқымды ақпараттық іс-шара өтті.
Шара барысында құқық қорғау органдары мен еріктілер Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда футбол матчы кезінде тұрғындар арасында интернет алаяқтарынан қорғану жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Киберқауіпсіздікке қатысты брошюралар таратылып, LED экрандарда алаяқтардың кең таралған әрекет ету схемалары көрсетілді. Сонымен қатар дыбыс зорайтқыш арқылы алаяқтардың әдістері мен олардан сақтану жолдары туралы ақпарат берілді.
Полиция мұндай іс-шаралар азаматтардың цифрлық қауіпсіздік жайлы білімін арттырып, интернеттегі алаяқтықтың алдын алуға септігін тигізеді деп сенеді. Әр азамат онлайн кеңістікте қауіпсіздік ережелерін білуі және оны қолдана білуі тиіс.