Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полиция гарнизонының жеке құрамына саптық тарату өтті

Ақтөбе облысында Наурыз мейрамы қарсаңында қоғамдық тәртіпті сақтау, жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция гарнизонының күштері саптық таратуға шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Гарнизонның жеке құрамы тәулік бойы елді мекендердің көшелерінде және облыс жолдарында қызмет атқарады. Мереке күндері қоғамдық тәртіпті күзетуге екі мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылады.

Саптық жиын барысында полицейлер өздерінің саптық даярлығын және командаларды орындаудағы шеберліктерін көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелініп, Әнұран орындалған соң, полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов жеке құрамды мерекемен құттықтады.

– Полицияның басты міндеттерінің бірі – Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету. Әсіресе, мереке күндері ауқымды қоғамдық іс-шараларға ерекше назар аудару қажет. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға да үлес қосуы тиіс. Қызметтік міндеттерін мінсіз орындау – әрбір полиция қызметкерінің басты ұстанымы болуы керек, – деп атап өтті А. Жусупов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру