Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында Президент кеңесшісі полицейлермен кездесті

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев полиция департаментінде офицерлік құраммен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге аумақтағы барлық құқық қорғау органының офицерлерімен қатар, ІІО ардагерлері де белсенді қатысты."Заң мен тәртіп – басты міндет" тақырыбымен өткен өзекті басқосу барысында облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов пен өңір прокуроры Мәлік Әбішев Мемлекет басшысының биыл 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында атқарылған ауқымды жұмыстар төңірегінде баяндады.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен үйлесімді атқарылған шаралар нәтижесінде жекелеген қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды төмендетудің оң динамикасына да тоқталды.

Президент кеңесшісі офицерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізе отырып, әділетті мемлекетті құру үшін қоғамда заң мен тәртіпті өмірлік ұстанымға айналдыру, мәдениет етіп қалыптастыру мәселелері туралы өзекті ойлар айтты.

Мемлекеттік маңызды құжат - Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы баяндамасы бойынша пікір алмасуды мақсат еткен спикер мемлекеттік және рухани құндылықтар, ынтымақ пен бірлікті нығайту, әдебиет пен мәдениет мәселелеріне де ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы атап көрсеткен әділдік, сабақтастық, өрлеу қағидаттары аясында мемлекеттің тарихы мен бүгіні, болашағы туралы сөз қозғады.

Шара барысында ІІО ардагерлері Елемес Шотанов пен Алмас Жантикенов сөз сөйлеп, ұрпақтар сабақтастығы, полицияның ашықтығы мен қолжетімділігі туралы айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру