Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ҚАЖД басшысы сотталғандар мен тергеудегі азаматтарды жеке қабылдады

Ақтөбе облысында ҚАЖД басшысы сотталғандар мен тергеудегі азаматтарды жеке қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде сотталғандар мен тергеу қапасында ұсталушылардың кезекті жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдауды департамент басшысы Шаймерден Есенкелдиев бекітілген кестеге сәйкес жүргізді.

Жеке қабылдау қылмыстық-атқару жүйесінде ашықтық пен қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ сотталғандардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарауға бағытталған. Бұл жолғы кездесуде жазбаша және ауызша түрде түскен өтініштер жан-жақты қаралды. Сотталғандар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді: жаза өтеу тәртібіне қатысты сұрақтар, құқықтық түсіндірулер, ұсталудың жағдайына байланысты өтініштер және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

Шаймерден Есенкелдиев көтерілген мәселелер бойынша толық түсініктеме беріп, әрбір өтінішке жеке тоқталды. Ал қосымша зерттеуді қажет ететін жекелеген сұрақтар тиісті бөлімдер мен қызметтерге жолданды. Барлық өтініштер бекітілген тәртіпке сай тіркеліп, қабылдау журналына енгізілді.

Департамент өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер қылмыстық-атқару жүйесіндегі ашықтықты күшейтіп қана қоймай, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға да ықпал етеді. Сонымен қатар, өтініштерді қарау тетігіне деген сенім деңгейін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жеке қабылдау форматы қылмыстық-атқару жүйесінде адам құқықтарын қорғау, заңдылықты сақтау және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған маңызды құралдардың бірі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру