Ақтөбе облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі үлес қосқан қор басшылығы марапатталды
Ақтөбе облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі үлес қосқан қор басшылығы марапатталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың атынан “Қоғам тірегі” қоғамдық қорының директоры Дінмұхамед Анапинге алғыс хат табыс етті.
Алғыс хатта Қайсар Сұлтанбаев қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан елеулі үлесі мен полиция қызметіне белсенді жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді.
“Қоғам тірегі” қоғамдық қоры 2022 жылы құрылған. Бүгінде қордың шамамен 20 мүшесі күнделікті негізде полиция қызметкерлеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде көмек көрсетіп келеді. Қор еріктілері құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен рейдтерге қатысып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметі қоғамдық құрылымдардың қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, азаматтық белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреді.