Ақтөбе облысында сотталғандар арасында «Шектеусіз оқу» пилоттық жобасы қорытындыланды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №9 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Шектеусіз оқу» пилоттық жобасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№9 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандардың мәдени деңгейін арттыру үшін, олардың жаза мерзімін өтеу уақытын тиімді пайдалану мақсатында сотталғандар арасында «Шектеусіз оқу» пилоттық жобасын іске асыруды ұйымдастыру бойынша ҚАЖ комитетімен әзірленген әдістемелік ұсыным назарға алынып, мекеме бастығының қатысуымен жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес мекемеде жазасын өтеуші сотталғандарға арнайы 2024 жылдың шілде, тамыз айлары аралығында жасақ бастықтары және мекеме психолыгының көмегімен көркем әдеби кітаптар оқу және жобаның шарттарын орындау ұйымдастырылды.
«Шектеусіз оқу» іс-шарасын қорытындылау бойынша мекеме бастығының бекітуімен комиссия құрылып, аталған іс-шараны қортындылау С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тамыз айында өткізілді.
Өткізілген іс-шарада сотталғандардың мәдени және білім деңгейін бағалауға С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы Рысжан Қарагулова , С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскері Гүлшат Асанова, №9 мекеме бастығының орынбасары А.Бурабаев, САӘПТЖБ инспектор психологы Ф.Куписова қатысты.
Жобаның шарттарына сәйкес сотталғандар оқып шыққан кітаптары бойынша эссе жазып, түсінгендерін айтты.
Сонымен қатар «Шектеусіз оқу» іс-шарасына белсенді қатысқан сотталғанғандарды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры С.Хакимова және №9 мекемесі бастығы марапаттады.
– Аталған іс-шараның мақсаты – сотталғандардың түзелу мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін салауатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, – деді тәрбие бөлім бастығы Панабек Армен