Ақтөбе облысында сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді
Ақтөбе облысында сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс бойынша пробация есебіндегі тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық, медициналық көмектер үздіксіз көрсетіліп отырады.
Пробация қызметкерлері тарапынан әрдайым барлық сотталғанның тұрмыстық жағдайын тексеру арқылы олардың мұқтаждығын анықтай отырып, тізім құрылады. Осыған орай, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуге жолданылады.
Соның бірі Ырғыз ауданы әкімінің Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жариялау туралы шешіміне сәйкес, жеке тұрғын үйінің және жеке қосалқы шаруашылығының суға кетіп, зардап шегуіне байланысты сотталған азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіру, көмек көрсету – біздің жұмысымыз. Есептегі азаматтар арасынан әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарды тіркеп, қадағалап отырамыз. Бүгін мал ұрлау фактісі бойынша сотталған Б есімді азаматқа көмекке қаражат бөлінді, – деп атап өтті Ырғыз аудандық пробация қызметі тобының инспекторы Бақдаулет Байдилдин.