Ақтөбе облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 79 фактісі тіркелді
Ақтөбе облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 79 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27-30 қаңтар аралығында Ақтөбе облысы аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осы алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мен жолын кесуге, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған.
Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні мобильді топтар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 79 фактісін анықтады. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзудың 44, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзудың 14 және табиғат қорғау заңнамасын бұзудың өзге де 20 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, ҚР ҚК 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша бір қылмыстық іс қозғалды.