Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында учаскелік полицей есірткі жарнамасы бар граффитиді анықтады

Ақтөбе облысында учаскелік полицей есірткі жарнамасы бар граффитиді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында 200-ден астам учаскелік полиция инспектор бар, олардың әрқайсысы нақты әкімшілік учаскеге қызмет көрсетеді.  

Солардың бірі, Ақтөбе қаласы ПБ №4 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Азамат Елубаев. Өзіне бекітілген әкімшілік учаскесінде, атап айтқанда Ақжар ауылының тұрғындарымен танысып қана қоймай, сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтап және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін күн сайын аула және пәтер аралауды жүргізеді. Полиция аға лейтенанты Азамат Елубаевты полицияның «әмбебап сарбазы» деп атауға болады. Ол жедел уәкіл, тергеуші, білікті психолог рөлін атқарып қана қоймай, адамдармен үнемі байланыста бола білуі керек.

Айта кетейік, 2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 1 қарашасы аралығында елімізде «Учаске» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Аталған іс-шара аясында учаскелік инспектор Елубаев өз учаскесінде есірткі жарнамасы бар граффити тауып, дереу полиция жасағын шақырып, граффитиді бояды. 

Естеріңізге сала кетейік, есірткіні заңсыз өткізу туралы граффити-суреттер салу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Санкциясы үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру