Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ұрлық саны азайды

Осы жылдың 11 айында Ақтөбе облысында қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 646 дерекке азайды, бұл оң динамиканы көрсетеді. Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 10%, ұрлық 22,5 %, мал ұрлығы 32%, тонау 24% азайды. Бопсалау, бұзақылық және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны да төмендеді.

Қылмыстың ашылу деңгейі жақсарды. Бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты 138 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 261 есірткі саласындағы құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 458 келіден астам есірткі, оның ішінде 6 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Өзекті мәселе – киберқылмыстар болып қала береді. Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 735 фактісі тіркелді. Іздеуде жүрген 44 қылмыстық қылмыскер ұсталды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 1289 адам табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру