Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 100-ден астам қару тәркіленді
Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 100-ден астам қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына тиісінше бақылауды қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала береді және оны шешу үшін ішкі істер органдарын қоса алғанда, барлық құқық қорғау органдары тартылады. Облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын бақылауды қатаңдату, сондай-ақ иелерінің оның сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.
Жеті ай ішінде заңсыз айналымнан 107 бірлік қару алынды. Сонымен қатар жыл басынан бері азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелерін бұзғаны үшін 786 адам, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін 86, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 439 және қаруды тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 261 азамат жауапкершілікке тартылды.
Рұқсат беру жүйесінің қолданылу аясына жататын субъектілерді бақылаудың тиімді әдістерінің бірі тексерулерді жүзеге асыру болып табылады.
Тексеру барысында 27 субъектіде ұйым қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау және есепке алу қағидаларын бұзғаны анықталды, соның нәтижесінде осы ұйымдар ҚР ӘҚБтК-нің 484, 486-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы актілер жасалды.
Бұдан басқа, ҚР ІІМ бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес 2021 жылғы жеті айда облыс ПД мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметтік және азаматтық қару айналымы саласында заңды және жеке тұлғаларға 2 863 рұқсат беру құжаттары берілді.