Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 54 атыс қаруы тәркіленді
Ақтөбе облысында заңсыз айналымнан 54 атыс қаруы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2021 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Қару» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша заңсыз айналымнан барлығы 54 атыс қаруы тәркіленді.
Сонымен қатар ойық және тегіс ұңғылы қаруға арналған 49 дана патрон алынды.
Сондай-ақ 270 дана суық қару тәркіленді.
Тексеру нәтижесінде барлығы 274 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 49, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 158 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 67 .