Ақтөбе облысында зейнеткер алаяқтың арбауына түсіп қалды
Ақтөбе облысында зейнеткер алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 мамырда 83 жастағы зейнеткердің телефонына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Қонырау шалушы зейнеткердің қызы жолда өту кезінде жол апатына ұшырағаны туралы айтқан. Сондай-ақ ол апат салдарынан зардап шеккен адамға шұғыл операция жасау үшін қаражат қажет екенін айтқан. Әңгіме барысында әйел қызының көмек сұраған дауысын естіген, бұл жәбірленушіні оның сөздерінің дұрыстығына сендірген.
Біраз уақыттан кейін курьер зейнеткердің тұрғылықты жеріне келіп, 2 миллион теңге алып, әйелді қызымен бәрі жақсы екеніне сендірген. Кейінірек зейнеткер оның алданғанын түсінген.
Қазіргі уақытта күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
– Егер сіз фотосуреттегі адамды таныған болсаңыз, 8-775-320-32-22, 8-776-780-48-18 нөміріне хабарласуынызды сұраймыз. Дәл қазір қарт туыстарыңызбен байланысуды және мұндай қоңыраулар, ең алдымен қалалық телефон нөмірлеріне жіберілуі мүмкін екенін ескертуді сұраймыз, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ПД.