Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жалған нөмір таққан және нөмірлері боялған көліктер анықталды

Ақтөбе облысында жалған нөмір таққан және нөмірлері боялған көліктер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында "Жалған нөмірлер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның алғашқы күні 169 құқық бұзушылық анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 3 көлік құралдарына көрінеу жалған немесе заңсыз жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату дерегі, 6 көрінеу жалған немесе заңсыз жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару дерегі, 11 қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу, 3 жүргізуші көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған, 11 жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ, пайдалануға тыйым салынған немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған.

Барлығы 23 көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды, оның ішінде 9 шетелдік есептегі автокөлік бар.

Атап айтқанда, полиция қызметкерлері облыс аумағындағы автожолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін әдейі бояп тастаған жүргізуші басқарған жүк көлігін (мұнай таситын автокөлік) тоқтатты.

Сондай-ақ балаларды тасымалдап жүрген жалған мемлекеттік нөмірлері бар мектеп автобусы анықталды.

Облыс орталығында ВАЗ маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында шетелдік есепте тұрған көлік құралына Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылғаны белгілі болды. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру