Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жас полицейлер “Кітап әлемі” ауқымды шарасына қатысты

Ақтөбе облысында жас полицейлер “Кітап әлемі” ауқымды шарасына қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуір Ұлттық кітап күнінде және Ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті. Абай даңғылы бойындағы 500 метрлік гүлзар алаңы әдебиет пен өнердің, технология мен руханияттың тоғысқан алаңына айналды. Алғаш рет өткен “Кітап әлемі” атты book tourism форматындағы мерекелік шара қала жұртшылығын шынайы әдеби сапарға жетеледі.

Шараға Ақтөбе қаласы полиция басқармасының жас қызметкерлері аса қызығушылықпен қатысты. Қатысушылар арасында мәдениет пен өнер саңлақтары, мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері және жас өнерпаздар да бар. Салтанатты ашылу сәтінде облыс әкімі Асхат Шахаров, өңіріміздің танымал ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, кітаптың адам өміріндегі маңызына мән берді.

Мәдени шарада Т.Ахтанов театрының әртістері Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырза Әли мен Қуандық Шаңғытбаевтың бейнелерін сомдап, мектеп оқушылары нақышына келтіре өлең оқыды. Балалар мен жасөспірімдер әдебиет алыптарымен, сонымен қатар, полицейлермен  естелік суреттерге түсті. 

 — Бүгінгі шара, оның ішінде поэтикалық қойылымдар, кітап көрмелері мен робототехника бұрышы керемет әсер қалдырды. Бос уақыт табылса, кітап оқуға тырысамын. Абай мұралары мен Бауыржан Момышұлының еңбектерін әрбір полицей оқу керек деп ойлаймын, — дейді патрульдік полицияның жас қызметкері Алмат Кенжебай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру