Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жасөспірім мотоциклімен жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысы ПД бастығы ата-аналарға үндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгілінің басталуымен автожолдарда мотоцикл, квадроцикл, скутер мен мопед көлік құралдары жолдарда көбейді. Бұл ретте, негізінен, кәмелетке толмаған балалар әлі де жол жүріс ережелерін білмей жатып, автожолдармен жүру кезінде авариялық жағдайды туғызады. Соның нәтижесінде өздері де жарақат алып, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға зиянын тигізеді.
Мысалы, 10 мамыр күні сағат 22:00-де Шалқар ауданы базасынан үш шақырым жерде кәмелетке толмаған баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Иж Планета-5» мотоциклінің 15 жастағы жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, басына шлем кимей, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ, Шалқар ауданы базасынан үш шақырым ауыл жолымен жүріп, рульді басқара алмай, қозғалыс барысында оң жаққа қарай аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9-сынып оқушысы Шалқар ауданы база кентінің стационарлық медициналық бөлімшесіне жатқызылып, алған жарақаттарынан қайтыс болды.

– Назар аударыңыз, балаңызға көлік құралын сатып алмас бұрын, жол қозғалысының тәртіпті қатысушысын тәрбиелеңіз. Заңнамада 14 жастан бастап велосипедтерде және 16 жастан бастап мотороллерлерде (мопедтерде) жол жүруге рұқсат етілгеніне қарамастан және жүргізуші куәлігін алғаннан кейін ғана сіздің балаңыз өзінің жас және психофизикалық ерекшеліктеріне байланысты қозғалысы қарқынды жолда бағдарлай ала ма, жол жағдайын талдай ала ма, авариялық жағдайлар туындаған кезде тез және сауатты шешім қабылдай ала ма, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтай ала ма? Балаңызға велосипед, скутер немесе мотоцикл сатып алмас бұрын бұл туралы ойланыңыз!, – деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру