Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

Ақтөбе облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Темір ауданы пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар ашық сот отырысына қатысты. Бұл процесс есепте тұрған сотталғандар жасайтын құқық бұзушылықтардың өсуіне байланысты, сондай-ақ қылмыстық қудалауға тартылатындықтан, оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Ашық сот отырысы «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара аясында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Темір аудандық пробация бөлімінде өтті.

Сот отырысында пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталған азаматқа қатысты пробация қызметінің ұсынысы қаралды. Ол бостандықта жүріп, сот жүктеген міндеттерді өрескел бұзып, пробация қызметі тарапынан жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық тәрбие жұмыстарына немқұрайлы қараған.

– Темір ауданы пробация қызметі бөлімінің басшысымен сотталған К.Б-ға қатысты жазаны ауыстыру туралы ұсыныс қаралды. Аталған азамат соттың сенімін ақтамай, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын одан әрі түзету мен тәрбиелеуге көнбеді. Осыған байланысты сот бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды, – дейді пробация қызметкерлері.

Осындай құқық бұзушылықтардың және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында сот отырысына аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған адамдар шақыртылды. Оларға сот үкіміне жауапкершілікпен қарауға, жаза өтеу тәртібін қатаң сақтау керек екені айтылды.

Бұл жүргізіліп жатқан жұмыс қайталама қылмысты төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру