Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жеңіл көлік жылқыны қағып кетті: адам шығыны бар

3 шілдеде сағат 02:10 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қобда ауылы жағынан Ақтөбе қаласына қарай Самара – Шымкент автожолында жылқыға соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы Қобда ауданының ауруханасына жеткізілді. Келесі күні жүргізуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жауапкершілікке тарту үшін мал иесінің жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды тиісті ұйымдастыра отырып, ауыл әкімшілігі арнайы бөлген орындарда жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады. Жануарлардың жүріп-тұруы айдап өтудің бекітілген бағыттары бойынша, сондай-ақ иесінің немесе жауапты адамның ілесіп жүруімен жүргізілуге тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру