Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан мотоцикл жолаушысы көз жұмды

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жолаушысы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада Ойыл ауданы Ақкемер ауылының екі тұрғыны Suzuki мотоциклмен көрші ауылға бара жатқан кезде аударылған. 33 жастағы мотоцикл жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолмен келе жатып аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 28 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, ал жүргізушінің көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру