Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды

27 қараша күні  «Ақтөбе-Орск» республикалық маңызы бар тас жолының Қосестек кентінің тұсындағы учаскесінде жол апаты орын алды, жол апаты салдарынан соқтығысқан көліктердің біреуінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды – деп хабарлайды Polisia.kz.

55 жастағы «Тойота-Превия» автокөлігінің жүргізушісі «Лада-Ларгус» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада-Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі, сондай-ақ 42 және 57 жастағы екі әйел Қарғалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 54 жастағы тағы бір жолаушы жол-көлік оқиғасы орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру